Түркия президенті Израильді «әскери қылмыскер» деп ресми түрде айыптайтынын мәлімдеді 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жуық арада Израильді әскери қылмыскер деп ресми түрде айыптайтынын мәлімдеді. Ол бұл туралы Ыстамбұлда өткен палестиналықтарға қолдау көрсету шеруінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ Газа секторындағы қазіргі жағдайға, батыс елдері кінәлі деп, Израильді жаулап алушы ел ретінде танитынын атады. Түркия басшысының осындай мәлімдемесінен кейін Израиль екіжақты байланысты қайта саралайтынын жеткізіп, Түркиядағы дипломаттарын кері шақырып алды.

Израиль біз сіздерді бүкіл әлемге қылмыскер деп жариялайтын боламыз. Қазір біз осыған дайындалып жатырмыз. Израиль сендер мұнда қалай келдіңдер? Сіздер жаулап алушысыздар. Сіздер тек ұйымсыздар. Түрік елі мұны біледі. Ал Батысқа айтарым, Газа секторындағы қырғынға сіздер жауаптысыздар, - деді Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған.

Газада гуманитарлық ахуал нашарлады

Халықаралық ұйымдардың хабарлауынша, Газада гуманитарлық ахуал күрт нашарлаған. Өңірде азық-түлік пен су тапшы. Оның үстіне Израиль әскері, Хамасқа қарсы құрлықтық операциясын жүргізу үшін, аймақта ұялы байланыс пен ғаламторды өшіріп тастаған. Салдарынан халықаралық ұйымдар өз қызметкерлерімен байланысқа шыға алмай жатыр. Америкалық кәсіпкер Илон Маск өзінің «Старлинк» ғаламтор жүйесі арқылы оларға көмек көрсетенінін хабарлады.

Айта кетейік, Газа секторында қарулы қақтығысқа дейін 2 миллионнан аса адам тұрып келген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы