Бүгiн 2026, 08:19 Фото: Pilar Olivares / Reuters

Түркия президенті ЕО-ның Анкараға тәуелділігі артқанын айтты

Ердоған сондай-ақ Брюссельдің Түркияға қатысты ұзаққа созылған саяси ұстанымдарын сынға алып, ЕО-ның стратегиялық көзқарасын қайта қарау қажет екенін айтты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропалық Одақтың (ЕО) бүгінгі геосаяси жағдайында Түркияға бұрынғыдан да көбірек мұқтаж екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Министрлер кабинеті отырысынан кейін сөйлеген сөзінде түрік көшбасшысы Еуропалық Одақ-тың стратегиялық ұстанымдарына тоқталып, Анкараның рөлі күшейіп келе жатқанын атап өтті.

Ердоғанның айтуынша, қазіргі таңда Еуропаның Түркияға деген қажеттілігі Түркияның Еуропаға деген қажеттілігінен жоғары. Ол бұл үрдіс болашақта одан әрі арта түсетінін жеткізді.

Президенттің пікірінше, жаһандық саяси тепе-теңдік өзгеріп, әлем тек Батыс елдерінің ықпал аймағымен шектелмей отыр. Осыған байланысты Түркияның халықаралық аренадағы маңызы арта түскен.

Ердоған сондай-ақ Брюссельдің Түркияға қатысты ұзаққа созылған саяси ұстанымдарын сынға алып, ЕО-ның стратегиялық көзқарасын қайта қарау қажет екенін айтты.

Түркия 2005 жылдан бері Еуропалық Одаққа мүшелікке үміткер ел болып саналады. Алайда келіссөздер процесі әртүрлі саяси және аймақтық мәселелерге байланысты бірнеше рет тоқтап қалған.