Түркия Нетаньяхуды Интерпол арқылы халықаралық іздеуге беруді сұрады
Түркия билігінің мәліметінше, 2026 жылғы 14 шілдеде Нетаньяху мен Московичке «геноцид» айыбы бойынша қамауға алу туралы ордер берілген.
Түркия Әділет министрлігі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты Интерполдың қызыл хабарламасын жариялауды сұрады. Бұл туралы Түркияның Әділет министрі Акин Гюрлек мәлімдеді.
Өтініш Газаға гуманитарлық көмек жеткізбек болған Global Sumud Flotilla белсенділеріне қатысты іс бойынша берілген. Стамбұлдың 11-ші ауыр қылмыстық сотында Нетаньяху мен Афек Московичті қоса алғанда, 35 адамға қатысты сот процесі жалғасып жатыр.
Түркия билігінің мәліметінше, 2026 жылғы 14 шілдеде Нетаньяху мен Московичке «геноцид» айыбы бойынша қамауға алу туралы ордер берілген. Осыған байланысты Әділет министрлігі Ішкі істер министрлігінен оларды халықаралық деңгейде іздеуге мүмкіндік беретін «қызыл хабарлама» шығаруды сұраған.
Түркия Нетаньяхуға адамзатқа қарсы қылмыстар, геноцид, адамдарды заңсыз ұстау, қасақана жарақаттау, азаптау, мүлікке зиян келтіру және басқа да қылмыстар бойынша айыптар тағылып отырғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Интерполдың қызыл хабарламасы автоматты түрде халықаралық қамауға алу ордерін білдірмейді. Ол іздеудегі адамды анықтау және уақытша ұстау мақсатында халықаралық полиция ынтымақтастығын сұрау тетігі болып саналады. Қызыл хабарлама туралы өтініштер Интерполдың арнайы талаптарға сәйкестігін тексеру рәсімінен өтеді.