Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстері ұлғаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан, Алматы мен Стамбул арасында ұшатын әуе рейстерінің саны артады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында шет елдік тасымалдаушылар мен Азаматтық авиация комитетінің өкілдері хабарлады.
Өткен жылы ғана Нұр-Сұлтаннан Стамбулға 62 мың жолаушы күнделікті рейстермен және 10 мың адам чартерлік рейстермен тасымалданған.
«Жалпы билет құны қәзір шамамен 290 доллардан басталады, алайда біз бағаға қатысты сараптамалар жүргізіп, жеңілдіктер жасау жолдарын қарастырамыз. Егер рейс толық болып, тағы сұраныс туындаса тиісті менеджмент қолданынылып, баға төмендейді. Әрине біз туристер көп жүретін жазғы мезгіл біткен соң, бағаны қайта қарап шығып, сіздер үшін ыңғайлы әрі тиімді тарифтерді ұсынатын боламыз», - деді Түркияның жетекші әуе тасымалдаушы команиясының аймақтық директоры Хасан Саван Ерден.
Әдетте Қазақстаннан қатынайтын жолаушылардың басым бөлігі Стамбул, Анталья мен Бодрум бағыттарын таңдайды. Жолаушылардың қауіпсіздіге қатысты сұраққа жауап берген әуе кеңістігінің халықаралық қауымдастығының аймақтық өкілі Джордан Карамалаков отандық тасымалдаушылардың техникалық жағдайы мен сапасы барлық халықаралық талаптарға сай келетінін айтты.
«Қәзіргі тасымалдаушылар барлық халықаралық талаптарға жауап береді деп толық сеніммен айта аламын. Әрине осыдан он жыл бұрын жағдай басқаша болған шығар, алайда бүгінде қауіпсіздік жағынан толық сертификатталған отандық үш тасымалдаушы бар.15 шілдеде Нұр-Сұлтанда халықаралық авиация форумы өтеді. Сол форумда авиация мәселелері мен тасымалдаушылар сапасына қатысты көптеген басқосулар өтеді», - деді әуе кеңістігінің халықаралық қауымдастығының аймақтық өкілі Джордан Карамалаков.
Баспасөз мәслихатында жақында Стамбул қаласында ашылған жалпы көлемі 76 млн текше метрді құрайтын әлемдегі бірегей әуежайдың еркшеліктері туралы да айтылды. 58 футбол алаңы сыйып кететін нысанның төбесінің өзі 461000 текше метрді құрайды.