Түркия Ливияда әскери база ашады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия теңіз тарапынан келетін қауіптерді болдырмау үшін Ливия жағалауында теңіз миссиясын ұйымдастырмақ.

Бұл туралы Yeni Safak әскери дереккөздерге сілтеме жасап хабарлаған. 

Түркия билігі Ливияда екі әскери база ашуға ниетті. Екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты тереңдету аясында Анкара Ливияның батыс бөлігінде Әл-ватия базасында әуе шабуылына қарсы жүйелер мен ұшқышсыз ұшақтарды орналастырады. Түрік әскерилері Мисурат қаласының маңындағы әскери базада шоғырланбақ.

Сонымен қатар, Түркия Ливия жағалауындағы теңіз миссияларын ұйымдастырмақ.

Анкара мен Триполи арасындағы ынтымақтастық аясында Түркия мұнай кен орындарында барлау мен бұрғылауды бастауды көздеп отыр.

Белгілі болғандай, соңғы апталарда Ливия үкіметінің әскері Түркияның қолдауымен маршал Халифа Хафтар күштерімен күресте табысқа қол жеткізді. Оның  "Ливия ұлттық әскері" Ливияның батысындағы бірқатар елді мекеннен шығарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы