Түркия Израильмен сауда байланысын толық үзді
Түркия Израильмен барлық сауда операцияларын тоқтатып, оның әуе және теңіз тасымалына шектеу енгізді. Бұл туралы 29 тамызда елдің сыртқы істер министрі Хакан Фидан мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Біз Израильмен сауданы толығымен тоқтаттық. Түрік кемелерінің Израиль порттарына кіруіне жол берілмейді. Сондай-ақ израильдік ұшақтар үшін әуе кеңістігіміз жабылды. Израильмен сауда қатынасын толық үзген бізден басқа ел жоқ, – деді министр.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 21 тамыздан бастап түрік порттары жүк тасымалдау компанияларынан Израильмен байланысы жоқ және әскери немесе қауіпті жүк алып жүрмегенін растайтын құжат талап ете бастаған.
Ал президент Режеп Тайып Ердоған бұған дейін Батыс елдерін «Газа қақтығысына қатысты екіжүзділік танытып отыр» деп сынға алған еді. Оның айтуынша, Украинаға жасалғандай назар мен қолдау Газаға көрсетілгенде, бүгінгі жағдай мүлде басқаша болар еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Өзгелердің жаңалығы