Бүгiн 2026, 05:50
Фото: pixabay
Түркия Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Жөнелтілген көмектің құрамына дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар кіреді.
Түркия Иранға гуманитарлық жүк жөнелтті. Жөнелтілген көмектің құрамына дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәліметке сәйкес, гуманитарлық көмек 24 сәуір күні Иранға жеткізіледі. Бұл туралы Кемаль Мемишоглу өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, алты жүк көлігі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар тиеп, Гюрбулак шекаралық өткелі арқылы Иранға аттанған.