Түркия, БАӘ, Украина және Германияға халықаралық рейстер саны азаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 21 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес Air Astana Түркия, БАӘ, Украина және Германияға халықаралық рейстер санын азайтады.
Осылайша, Стамбұлға ұшудың апталық жиілігі 16-дан 12-ге, Дубайға - 12-ден 8-ге, Киевке - 3-тен 1-ге, Франкфуртқа - 6-дан 4 рейске дейін төмендейді. Әуе компаниясы Шарм-Эль-Шейх пен Мальдив аралдарына чартерлік рейстер жасамақ. Ішкі рейстер кестесі өзгеріссіз қалады.
Біз үкіметтердің вирустың таралуын тоқтатуға арналған әрекеттерін қолдаймыз. Сонымен бірге саяхаттау, туристік және рекреациялық индустрия - бұл әлемдік экономикалық қызмет пен жұмыс орындары ұлғаюының қуатты генераторы. Бұл салалардың 2021 жылдың басында толығымен жандануы өте маңызды, әйтпесе қаржылық және әлеуметтік салдары ұлттық экономика үшін де, адамдардың өмірі үшін де өте ауыр болады. IATA мен біз толық мүше болған Asia Pacific Airlines қауымдастығының (AAPA) хаттамаларына сәйкес халықаралық рейстермен ұшпақ жолаушыларды COVID-19 анықтайтын тестілеу осындай қайта іске қосуы үшін маңызды деп санаймыз, - дейді Әуе компаниясының президенті Питер Фостер.
IATA зерттеулеріне сәйкес, ұшақ салоны коронавирустық инфекцияға қарсы басқа қоғамдық орындармен салыстырғанда ең қауіпсіз болып табылады, ал ПТР тестілері мен борттық маскалар инфекцияның таралуымен күресудің тиімді әдістері. Сонымен 2020 жылдың басынан бастап тасымалдау кезінде инфекцияның 44 оқиғасы тіркелді, осы кезеңде 1,2 млрд жолаушы тасымалданғанына қарамастан, бұл орташа есеппен 27 млн жолаушыға 1 оқиға.
Ұшақтардың қауіпсіздігі ең алдымен ұшақ ішінде орнатылған бактериялардың / вирустардың 99,9% ұстап қалатын HEPA сүзгілерімен байланысты. Көптеген әуе кемесінде ауа сағатына 20-30 рет алмасады.