Cирияда Түркия әскері жоғалып кетті – БАҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күрттер түрік әскерлерінің қайтыс болғаны туралы, ал Анкарада көзделген орындардың барлығын жаулап алғаны туралы хабарлап жатыр. 

Күрттердің Сирия демократиялық күші (СДК) коалициясының Рас-эль-Айна қаласының ауданында түріктермен қақтығысы кезінде түріктердің 14 әскері қаза тапты. Бұл туралы бейсенбіде күрт дереккөздеріне сілтеме жасап Al Mayadeen телеарнасы хабарлады.

Олардың айтуынша, СДК Рас-эль-Айнаның шығыс жағында түрік армиясын артқа шегіндіріп жатыр.

СДК Телль-Абъяду қаласында төрт танкіге шабуыл жасап, бес әскер қаза тапқаны туралы хабарлады.

Түркия Қорғаныс министрлігі түрік әскерлерінің көздеген орындардың барлығын қоршап алды дегенді таратты.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Түркия қарулы күштері бейсенбіге қараған түні әуеден де соққы жасаған.

Айта кетсек, 9 қазанда Түркия президенті Режеп Ердоған Сирияға қарсы Бейбітшілік көзі деп аталатын жаңа операцияның бастағанын хабарлады. Оның мақсаты – Сирияның солтүстігінде босқындар қайтып келе алатындай аймақ құру.

Мұнымен қоса, АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскерлерді қайтару керек, енді «Ирак және Левант Ислам мемлекетімен» (ИГИЛ, ИМ – Қазақстанда тыйым салынған топ – ред.) Түркия, Еуропа, Сирия, Иран, Ирак, Ресей және күрттер күрессін» деген мәлімдеме жасады. Осылай ол күрттерді АҚШ әскерінің көмегінсіз қалдырды.

Кейін Трамп «егер Түркия Сирияның солтүстік-шығысында күрттерге шабуыл жасай бастаса, онда АҚШ Түркия экономикасын құрта бастайды» деген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы