Түркия 3 апталық локдаун басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда 17 күндік локдаун басталады. Ел тұрғындары базар аралап, азық-түлік алса, енді бірі 3 апта бойы бос отырмау үшін хобби заттарын түгендеп алған, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жолғы шектеу шаралары айт мейрамын да қамтыды. Сондықтан халық шаштаразға барып, сұлулық орталықтарын аралап кетті. Жұрттың біразы ірі қалалардан шалғай аудандар мен курорттық жерлерге жаппай көшіп жатыр. Тұрғындар алдағы жиырма күнді теңіз ауасымен немесе ауылдық жерлердегі шаруа қожалықтарында өткізбек.

Жергілікті автостанцияларда жолаушылар қаптап, қосымша сапарлар іске қосылды. Салдарынан қалааралық жолдарда ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Ыстамбұлдан аттанған жұрт бірнеше сағаттан бері мегаполис шекарасынан шыға алмады. Түркияда 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында жаппай локдаун жарияланды. Бұл күндерде тек қана тұрмысқа ең қажетті жерлер жұмыс істейді. Халықтың сыртқа шығуына тыйым салынған. Тек үйге жақын дүкендерге баруға рұқсат. Қызметкерлер жұмыс орнынан алынған рұқсат қағазды көрсетуі тиіс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы