Түркістанның мәртебесі көтерілді: Президент маңызды жаңалықты жариялады
Киелі қалаға халықаралық деңгейде ерекше мәртебе берілмек. Түркістанда түркі және ислам әлемін тоғыстыратын қандай жиындар өтеді?
Киелі Түркістан қаласы 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ. Біз осы бастама аясында түркі өркениетінің рухани үндестігі мен сабақтастығын сақтауға ықпал ететін ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Түркістан – түркі дүниесінің рухани орталықтарының бірі. Қалада Қожа Ахмет Ясауи кесенесі секілді тарихи және мәдени мұра нысандары орналасқан. Түркістанның жаңа мәртебесі оның халықаралық деңгейдегі мәдени және туристік әлеуетін танытуға мүмкіндік береді.