Түркістаннан Ыстанбұлға бет алған ұшаққа найзағай түсті
Түркістаннан Ыстанбұл бағытындағы ұшаққа найзағай түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осылайша, FlyArystan компаниясына тиесілі әуе кемесі шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған.
19 мамырда сағат 13:05-тегі «Түркістан–Ыстанбұл» бағытындағы КС7425 рейсі ауа райы жағдайына, нақтырақ айтқанда, оның алдындағы рейстегі әуе кемесіне жай түсуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Талаптарға сәйкес жай түскеннен кейін әуе кемесіне инспекция жасау қажет, - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.
Ұшақ Түркістаннан 19 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17.00-де ұшуды жоспарлаған.
FlyArystan компаниясының баспасөз қызметі рейстердің кешіктірілуі мен олардың орындалмауының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолға алынып жатқанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кітапханашылардың мәртебесі мен жалақысы көтеріледі
Өзгелердің жаңалығы