Бүгiн 2026, 16:31 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Түркістанға 3,5 млрд доллар инвестиция тартылды – Тоқаев

Өңірдің экономикалық әлеуеті жыл сайын артып келеді. Өткен жылы облыс экономикасы 9,3 пайызға өсті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің ашылуында Түркістан экономикасындағы өсім туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде Түркістан – көне тарих пен болашақты тоғыстырған әсем шаһар. Өңірдің экономикалық әлеуеті жыл сайын артып келеді. Өткен жылы облыс экономикасы 9,3 пайызға өсті. Жалпы көлемі 10 миллиард доллардан асты. Өңірге 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент халықаралық жаңа марапат – Қожа Ахмет Ясауи орденінің тағайындалғанын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы бұл шешімнің заң жүзінде бекітіліп, арнайы жарлыққа қол қойылғанын атап өтті.

Бүгінгі отырыста тағы бір маңызды мәселені атап өткім келеді. Биыл қасиетті Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Осыған байланысты тиісті заң қабылданды. Мен арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бұл марапаттың бүкіл түркі әлемі үшін айрықша маңызы бар деуге болады. Кеше осы жоғары награданы құрметті президент Ердоғанға салтанатты түрде табыстадым. Осылайша түркі дүниесінің рухани тірегі болған Ясауи тұлғасын ұлықтай отырып, халықтарымыз арасындағы мызғымас бауырластық байланыстарды одан әрі нығайта береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, орденнің алғашқы иегері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған болды.