Түркістандықтар Түркияға гуманитарлық көмек тиелген 2 ұшақ жөнелтеді
Түркия еліндегі жер сілкінісі әлем халықтарының ортақ қайғысына айналғаны белгілі. Ал бауырлас қазақ халқына тіпті ауыр тиді, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының бастамасымен 100-ден құтқарушы мен дәрігер Түркияның зілзала болған қалаларына аттанды.
Сондай-ақ, еліміздің әр өңірінде гуманитарлық көмек жинаушылар саны артып келеді. Соның бірі - Түркістан қаласындағы Халықаралық «Turkistan» әуежайы. Мекеме Түркияның Ыстамбұл қаласына 10-11 ақпан күндері арнайы гуманитарлық рейс ұйымдастырып отыр.
Кез келген азамат өз мүмкіндігінше көмек бере алады. Ол үшін ересектер мен балаларға арналған жылы қысқы киімдер, көрпе-төсек, тұрмыстық заттарды «Turkistan» әуежайына әкелуі қажет.
Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы - 2 тонна. Әуе рейстерін «Fly Arystan» және «Turkish Airlines» компаниялары орындайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия мүфтиімен телефон арқылы сөйлесті
Келесі жаңалық
Ауыл оқушыларына 100 ноутбук сыйға берілді
Өзгелердің жаңалығы