Түркістанда қоғамдық көліктер жаңартылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласы бойынша «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді, деп хабарлады облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша аталған тасымалдаушы мекеме Ютонг маркалы 8,5 метрлік 16 жаңа автобус сатып алған болатын, ағымдағы жылдың қыркүйек айында тағы 5 жаңа автобус бағытқа қосылды. Жаңа автобустарда кондиционер, электрондық табло, жарнамалық монитор және камералар орнатылған», - делінген хабарламада.


Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту арқылы жолаушыларға сапалы қызметтер көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері оңтайлы шешілуде.


Облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы