Түркістандық прокурорлар алимент төлемеген борышкерлерді жауапқа тартуда

Облыс прокуратурасы алимент төлеу міндеттерін қасақана орындамаған борышкерлерге қатысты талдау жүргізу арқылы берешек қарызы жиналған 72 борышкерлердің құмар ойындарына жалпы 274 млн теңге салым салғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы құзырлы органға тиісті шара қолдану үшін ұсыну енгізді.

Статистикалық мәліметке сәйкес осы жылдың өткен мерзімінде облыс бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алиментке қатысты 22 219 атқару құжаттары орындауда болып, нәтижесімен 2 376 аяқталып, 19 843 құжат орындалу сатысында.

Осы ретте облыс прокуратурасында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді жауаптылыққа тарту бағытында уәкілетті және қылмыстық қудалау органдарының өзара әрекеттесуі мәселесі бойынша мекемеаралық мәжіліс өтті.

Аталған мекемеаралық мәжілістің мақсаты – алимент қаражатын өндіру мақсатында заңда көзделген барлық шараларды қолдану және барлық мүдделі органдарының осы бағыттағы өзара іс-қимылын үйлестіру болып табылады.

Мәжілістің хаттамалық шешімі орындау үшін жауапты мекемелерге жолданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысының прокуратурасы
Өзгелердің жаңалығы