Түркістандық полицейлер заңсыз ауланған 160 келі балық тәркіледі

Тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмәнді Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүргізушінің құжаттарын тексерген. Көліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық табылды.

Күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі түрлі балық тәркіленді. 

ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 

Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы