Түркістандық келіншек 1 жасар баласын сатып жатқан жерінен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 млн теңге. Түркістанда өзінің бір жасар баласының өмірін осынша сомаға бағалаған әйел ұсталды.
Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Әйел келісімшартты нотариалды түрде ресімдемек болған, алайда заңгер оны ойынан бас тартуға көндіруге тырысқан. Әйел ойынан қайтпайтынын түсінген ол құқыққорғау органдарына хабарласуға мәжбүр болған.
Баласын сатпақшы болған әйелдің әрекеті арнайы операция барысында әшкереленді. Ол ақшаны алып жатқан кезінде ұсталды. Анықталғандай, күдікті Төле би ауданының тұрғыны екен. Ол балаларына көңіл бөлмеген. Ол сатып жібермек болған бала пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған.
Баласын сатпақ болған Е. есімді азаматша ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК 135-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Түркістан қаласы прокуроры Ғалымжан Оңалбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы