Түркістандағы саяси науқанды шетелдік байқаушылар бақылауда

Испандық Алберто Баррера Рубио мен ресейлік Андрей Бородин Түркістан облысы, Келес ауданындағы және Ошақты, Қошқарата ауылдарындағы бірқатар сайлау учаскесін аралап көрді, деп хабарлайды осы аймақтағы BAQ.KZ агенттігінің тілшісі. 

Түркістан өңіріндегі №324 сайлау учаскесіне тек қана жергілікті емес, шетелдік байқаушылар да белсене қатысып жатқан жайы бар. 

Бүгін 19 наурыз республикамызда қазақ елінің халық қалаулылары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. 

Сонымен қатар, Түркістан өңірінде жаңадан ашылған Сауран ауданы, Жүйнек ауылындағы №75 сайлау учаскесінде де америкалық байқаушылар сайлаудың барысын бақылап отыр. 

Саяси доданың құрметіне орай Сауран ауданындағы барлық сайлау учаскесі аудандық кітапханалармен бірлесіп, «Жаңа Қазақстан» атты көрме ұйымдастырды. Америкалық бақылаушылар сөз жоқ ежелгі қала Сауранның тарихына қызығушылық білдірді. Ұлы Жібек жолының өн бойында орналасқан көне шаһар мәдениетімен, ондағы қолөнершілері мен хан-билердің шығу төркінімен танымал. 

Аталған көрмені кітапханашы Д.Абдуманапова ұйымдастырып, шетелдік байқаушылардың қызықтырған сауалдарына жауап беріп, қазақ тарихын тереңінен таныта түсті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі
Өзгелердің жаңалығы