19 Қараша 2025 2025, 13:27

Түркістандағы апат: өрттің шығу себебі белгілі болды

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Думан Қыдырмоллаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Думан Қыдырмоллаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өрттің шығу себебі- электр жабдықтарын қосатын сетевой фильтрдің ақаулығынан болып тұр. Үй жаңадан салынған. Үйдің жылыту жүйесі табиғи газбен жабдықталған. Газ қазандығы сыртта орналасқан. Ол жағынан кем-кетігі жоқ, – дейді ол.

Сондай-ақ ол ауылда өрт сөндіру бөлімшесінің жоқ екенін, өрт сөндірушілер Жетісай қаласынан ауылға 8 минутта жеткендігін айтты.

Осыған дейін Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылында екі қабатты үй өртеніп, 12 адамның қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.