Түркістанда жасөспірім құжатсыз көлік жүргізді

Түркістанда құжатсыз көлік жүргізген жачөчпәрімнің әкесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында жасөспірімнің автокөлік жүргізіп жүрген сәті түсірілген бейнежазбаға назар аударды.

Тексеру нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері 40 жастағы жергілікті тұрғынның Hyundai Accent автокөлігін басқаруды жүргізуші куәлігі жоқ ұлына сеніп тапсырғанын анықтады.Ер адамның әрекетіне заң аясында шара қолданылып, көлік айыптұрағына қойылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы