Түркістанда ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

25 қазан Республика күніне орай Түркістан қаласында «40 күн той мен ой» іс-шарасы басталып кетті. Осыған орай, Арыс қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындар» сайысы болып өтті, деп хабарлайды Түркістан облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Сайыстың мақсаты – жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу, сонымен қатар ұлттық ойын түрлерін қайта жаңғырту, дамыту болмақ. 

«Жастардың қазақтың ұлттық ойындарын сағынып қалғанын байқадық. Қанша дегенмен пандемиядан кейін қазір орталықта түрлі іс-шаралар бұрынғыдай шектеу көрмей кеңінен өткізіліп жатыр. Жастар сайыста қол күрес, гір тасын көтеру, ләңгі тебу және асық ату түрлерінен сынға түсті. Бәрі де алдын ала тіркелу арқылы сайыстың қатысушысы атанды. Қатысуға ниет білдірген жастардың санының көптігіне қарап, ұлттық дәстүріміздің дамып келе жатқанын байқауға болады», - деді Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерасыл Төлебаев.

Айта кетейік, республика күніне орай басталып кеткен тартысты сайыстың нәтижесінде  асық атудан 1 орынды Рамазан Бадиров, 2 орынды Н.Сәрсенбай, 3 орынды Давлат Османов иеленді. Ал ләңгі тебуден 1 орынды Еділжан Асанов, 2 орынды Кененбай Арыстан, 3 орынды Рамазан Бадиров, гір тасын көтеруден 1 орынды О.Баби, 2 орынды Е.Саматұлы, 3 орынды Н.Сламбек жеңіп алды.  

Қол күрестен 1 орынды Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі, 2 орынды Халықаралық Туризм және меймандостық университеті, 3 орынды Түркістан көпсалалы медицина колледжінің студенттері иеленді. 

Сайыс соңында барлық барлық жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы