Түркістанда түркітілдес елдердің халықаралық жастар саммиті аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркітілдес елдер жастарының өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Түркі елдері жастары аллеясының» ашылуына қатысты.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шара 21-23 маусым аралығында Түркістан қаласында өткен Түркі елдерінің жастар көшбасшылары мен белсенділерінің «Түркістан - Түркі әлемінің бесігі» саммиті аясында өтті.

Саммит аясында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Түркістан университетінде саммитке қатысушы елдердің Жастар ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, түркі тарихы мен мәдениетінің өзекті тақырыптарына арналған семинарлар өтті.


Түркістандағы Халықаралық Жастар саммитінің соңғы күні қатысушылар мен қонақтар Арыстан баб кесенесіне, Отырар қалашығына, Ақмешіт үңгіріне және жалпы түркі және қазақ тарихының басқа да орындарына барды.

Еске сала кетейік, саммиттің офлайн және онлайн форматтарындағы іс-шараларына Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Венгриядан, сондай-ақ, Ресей Федерациясының Татарстан және Башқұртстан субъектілерінен 200-ге жуық жас көшбасшы мен белсенділер қатысты.


Саммиттің негізгі мақсаты - түркі елдерінің жастарын ортақ тарих, мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар, сондай-ақ, түркі әлемінің болашақ дамуына ортақ көзқарас негізінде топтастыру, «Түркістан - Түркі әлемінің рухани астанасы» идеясын ілгерілету.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы