Түркістанда Түркі әлемі математиктерінің VII дүниежүзілік конгресі жұмысын бастады

Қожа Ахмет Ясауи университетінде Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресі (TWMS Congress-2023) бастау алды. Іс-шараға әлемнің 20 мемлекетінен 500-ден астам математик ғалымдар қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конгрестің негізгі мақсаты – ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымының дамуына және математиканың, ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде қолдануға үлес қосу.

Іс-шара ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті академик Бақытжан Жұмағұлов төрағалығымен өтіп жатыр.

Дүниежүзілік конгрестің салтанатты ашылу рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдап, ғылыми форум жұмысына сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы