Түркістанда тұрғын үйде жарылыс болды

Отырар ауданының Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"QazaqGaz Aimaq" акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі – газ жүйесіне өздігінен қосылу әрекетінен болған.

Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды, бірнеше пәтерге зиян келгені тіркелді. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Газға өз бетімен қосылуға қатаң тыйым салынады, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіреді. Газ жабдығын қосу мен қызмет көрсету жұмыстарын тек лицензиясы бар мамандар ғана жүргізуі тиіс, – деп ескертті "QazaqGaz Aimaq" АҚ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы