Түркістанда тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өтіп жатыр

Түркістанда мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындар қатарына кіретін тоғызқұмалақ ойынын дәріптеу мақсатында тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сайысқа облыстың 8 ауданынан және екі облыстық мектептен 100-ден астам спортшы қатысып, өзара үздіктерін анықтайды

Аталған жарыста 14 жас пен 21 жас аралығындағы тоғызқұмалақшылар классика, рапид және блиц түрінен сынға түсіп жатыр. Апта бойы жалғасатын жарыстың жеңімпаздары республикалық чемпионатқа жолдама алады, - деп жазды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, тоғызқұмалақтан ел чемпионаты наурыздың 21-30 аралығында Өскемен қаласында өтеді деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы