27 Маусым 2024 2024, 09:18 Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адам ұсталды

Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады. 

Алдын ала деректер бойынша, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.