Түркістанда "Таза Қазақстан" акциясы бойынша атқарылған жұмыс пысықталды

Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиынға аппараттың салалық құрылым басшылары мен аудандық, қалалық полиция басқармасының, бөлім басшылары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жиында облыс көлеміндегі жедел жағдай ахуалы, мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мен “Таза Қазақстан” акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Облыстың бас полицейі Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес өткізіліп жатқан “Таза Қазақстан” республикалық акциясы бойынша соңғы мәліметтерді қарап, нақты тапсырмалар берді. 

Айта кетсек, жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу, жолдар мен жол құрылыстарын зақымдау жайттары бойынша жыл басынан бері 20 мыңнан астам дерек анықталған. 

Сондықтан осы бағытта криминалдық полиция, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі басқармасы бірлесіп, басқа да мемлекеттік тиісті органдармен жұмысты жандандыру тапсырылды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы