Түркістанда тауға шығып, адасып кеткен екі адам табылды
Түркістан облысында тауға саңырауқұлақ теруге кеткен екі адам табылып, таудан түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы Атбұлақ ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан "Қазығұрт" тау шатқалында 21-45 сағатта ТЖД күшімен 31 наурызда күндіз саңырауқұлақтарды жинау үшін тау шатқалына көтеріліп, адасып кеткен 2 адам құтқарылып, құтқарушылардың сүйемелдеуімен таудан өз бетінше түсірілді. Медициналық көмек қажет емес, - делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысында жедел желі ашылды
Келесі жаңалық
Синоптиктер 10 өңірде дауылды ескерту жариялады
Өзгелердің жаңалығы