Түркістанда таудан құлаған туристің денесі бір аптадан соң табылды

Түркістан облысында жоғалған туристің денесін тау басынан түсіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте 1967 ж.т. жоғалған адамның денесі табылды. Қазір оны жаяу түсіру жұмыстары жүргізілуде. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда. Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысының Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 3 шілдеде Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында 3 адамнан тұратын топ теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңына шыққан. 1967 жылы туған ер адам таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, турист мұз бойымен домалап, еңіске құлап кеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы