Түркістанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүруде?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан обылысындағы ахуалды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хакім Көшқалиев мәлімдеді.
Бәріңізге белгілі Түркістан облысы көлемі жөнінен басқа облыстардың ішінде ірі болып саналады. Түркістан облысында 2 миллионнан аса халық тұрады. Жалпы 3 қала ,14 аудан бар. 834 ауыл және 177 ауылдық округ орналасқан. Бүгінгі таңда агенттіктің стратегиясына сай, бағыттарымыздың бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу істері. Өңірде 870 мыңға жуық адамды қамтыған, әртүрлі бағыттағы 1 675 іс-шара ұйымдастырылуда. Оның ішінде «Antikor.Live » жобасы сонымен қатар «Adal komek» іс-шарасы өткізілді, - деді ол.
Ол Түркістан облысындағы агенттіктің ұйымдастырумен жергілікті телеарналарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 9 бейнеролик және енді салынып жатқан құрылыс мекемелерінде мурал салуды әдетке айналдырғанын айтады.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Antikor.Live» жобасы бойынша жыл басынан бері 452 тікелей эфир өткізілді. Оның қаралымы 293 мыңнан асты. «Adal komek» жобаларының аясында 626 тікелей эфир жүргізілді. Оның қаралымы 380 мыңға жуықтады. Сонымен бірге «Ақпараттық ағартушылық штабы» 264 кездесу өткізіп, 333 тікелей эфир өткізді, -деді ол.
Департамент басшысы медиа саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары белсенді жүріп жатқанынмен бөлісті. Сөзінше, әлеуметтік тақырыптағы алаңда әрбір адам өз ойын еркін жеткізе алатын бағдарламалар ашылған.
Биыл наурыз айынд «Тurkistan» телеарнасы ашылған болатын. Біздің агенттік медиохолдингпен бірігу арқылы «Халық үні» бағдарламасын жүзеге асырды. Қазіргі таңда департамент мамандары журналистермен бірігіп жұмыс істеп жатыр, -деді Хакім Көшқалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2030 жылға қарай тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%-ға жетеді - Құрманбаев
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы