Түркістанда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Түркістан облысында құтқарушылар суға батып кеткен жасөспірімнің денесін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төлеби ауданы, Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзеніне шомылу кезінде 2007 жылы туған 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Іздестіру жұмыстарына тартылған облыстық құтқарушылар судан жасөспірімнің денесін тапты. Қайғылы оқиғаның алдын ала себебі суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі тағы да ата-аналарды балаларына бақылауды күшейтуге және олардың су айдындарына қараусыз өтуіне жол бермеуге шақырады. Есіңізде болсын: қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау балаңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Түркістан облысында 5 жасар бала суармалы каналға батып кеткен болатын. Мәйітті 17 наурыз күні сағат 16:40-та іздестіру тобы үйден 2 шақырым жерден тапты. 16 наурызда Түркістан облысы Біртілек ауылында 2019 ж.т. сағат 15:00-де үйден шығып, оралмаған.

Куәгердің айтуынша, суару арнасынан аяқ киім табылған. Іздестіру жұмыстарына 93 адам мен 4 төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті полиция қызметі мен полиция техниктері жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар департаменті
Өзгелердің жаңалығы