Түркістанда соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюпов пен қала әкімі аппаратының басшысы Қадырболат Мұсағалиев Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен түркістандық ардагерлерді құттықтап, алғыс білдірді. 

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бізге осылай бейбіт ғұмыр сыйлап, елге қызмет етіп, Отан қорғағандарыңызға мың алғыс. Сіздерге не берсек те жарасады. Өйткені, ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз еш нәрсемен өлшенбейді, - деді Рашид Аюпов.


Қала әкімі өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің құттықтауын да жеткізді.



Ардагерлердің ең жасы үлкені 99 жаста. Қарттар да өз кезегінде қала әкімі мен әкімдік қызметкерлеріне еңбектеріңіз жемісті, ғұмырларыңыз баянды болсын деп тілек айта келе, бастан өткерген оқиғалармен бөлісті. Жеңіс оңайлықпен жетпегенін баяндады.


Айта кетейік, қазір Түркістан қаласында 4 Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, 531 тыл еңбек ардагерлері, 21 қайтыс болған ҰОСМ әйелдері, 344 ҰОСҚ теңестірілгендер бар. 


Биыл Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1000000 теңгеден, қайтыс болған ҰОСМ әйелдеріне (21 адамға) 30000 теңгеден, тыл еңбеккерлеріне (531 адамға) 30000 теңгеден, сондай-ақ 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай 344 ҰОС ардагеріне теңестірілгендерге 72 925 теңгеден сый ретінде берілді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы