Түркістанда шетелдік университетті аяқтағандар Кореяда жұмыс істей алады
Түркістан қаласында Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалы ашылады. Бұл ЖОО-ны бітірген түлек Кореяда жұмыс істей алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, Қазақстан мен Оңтүстік Корея білім саласында серіктестікті нығайтып жатыр.
«Woosong» жекеменшік мықты университет. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік Кореяның «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасы Ким Сун Кюнмен кездесті. Елдеріміз әріптестікті нығайту жолдарын талқылап, келісімге қол қойды. Бұл университетті аяқтағандар Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істей алады, - деп түсіндірді министр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, Түркістан қаласында келесі жылы ашылатын «Woosong» университетінің филиалы компьютерлік инженерия, киберқауіпсіздік салаларына бағытталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы