Түркістанда «Рухани жаңғыру» Жол картасына негізделеді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан үш жыл бұрын Түркістан облысы өз алдына аймақ болып бөлініп шықты. Үш жылда киелі өңір тек қана экономикалық жағынан қарқын алып қоймай, рухани мәдениетін де көш ілгері сүйретіп келеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы өткенімізді өшірмей, ұрпақ санасында жаңғыртып, бүгінгі күнімізге керекті жақтарын алу, дамыту, заманауи үйлестіріп отыруды көздейді.
Сонымен Елбасымыз Н.Назарбаев жазған «Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша еліміздің рухани орталығы Түркістан облысында қандай басымдық пен бағыттар қарқынды жұмыс жүргізуде? Осы сауалдарға аз-кем шолу жасап көрелік.
Түркістан облыстық Рухани жаңғыру бағдарламасы жобалық кеңсесіне заңдық мәртебі беру бойынша 2019 жылы 11 шілдеде облыс әкімінің №148 қаулысымен «Turkistan Media Holding» ЖШС құрылды. Осы серіктестіктің құрамында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бөлімі жұмыс істеп келеді. 2021 жылы 12 ақпанда облыс әкімінің Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Әділет департаментінде тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 штат, 5 бөлім бар.
Түркістан облысы «Turkistan Media Holding» ЖШС Рухани жаңғыру бөлімі басшысы Айдар Сейдазымның айтуынша, қазіргі кезде жаһандық пандемияға байланысты бағдарлама аясында іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматқа көшкенімен, мән-мағынасын жоғалтқан жоқ.
Өткен жылы Бағдарлама аясында облыста 1300-ден аса іс-шара өткізіліп, 100 мыңнан аса адамды қамтыдық. Іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматта яғни көбіне челлендж, байқау, кездесу, дөңгелек үстелдер түрінде ұйымдастырылды. Айталық, «Туған жер» жобасы аясында облыста 3 млрд 468 млн 420 000 теңгені құрайтын 102 нысан салынып, 12 нысан қайта жөндеуден өтті. Атап айтқанда, 4 балабақша, 9 спорт нысаны, 3 мәдениет нысаны, тас төсеу, түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары – 10, тұрғын үйді салу және жөндеу жұмыстары – 66 және 22 тағы басқа нысандар жөнделді, - деді Айдар Бастарбекұлы.
Бұдан бөлек, Арыс ауданы Байырқұм ауылдық округінде құны 8,5 млн теңгені құрайтын және Шардара ауданы Қоссейіт елді мекенінде 1,2 млн теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылысы мен Қазығұрт ауданы Қосағаш елді мекенінде құны 30,0 млн теңгені құрайтын, Сарыағаш ауданы Таскескен ауылдық округінде құны 10,0 млн теңгені құрайтын спорт алаңшасы ашылды. Кентау қаласында құны 320,0 млн теңгені құрайтын және Қазығұрт ауданында құны 150,0 млн теңгені құрайтын бөбекжай балабақшаларының құрылысы салынды.
Сонымен қатар, Сайрам ауданы Қарабұлақ елді мекенінде құны 1 млрд, 7 млн теңгені құрайтын мектептің құрылысы және Арыс ауылдық округінде құны 6,0 млн теңгені құрайтын емхана құрылысы мен Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті орталық ауруханасы ауласынан құны 3,0 млн теңгені құрайтын жедел жәрдем тікұшағы қонатын алаң салынды.
Төлеби ауданында құны 29,0 млн теңгені құрайтын ескерткіштердің құрылысы және құны 4,5 млн теңгені құрайтын спорт алаңшаларының құрылысы жүзеге асырылды.
Отырар ауданы Шәуілдір ауылы Көлқұдық елдімекенінде құны 110, 0 млн теңгені құрайтын фельдшерлік-акушерлік тірек пайдалануға берілді.
Сайрам ауданында құны 10,0 млн тг құрайтын демеушілер есебінен аудандық ардагерлер үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Созақ ауданы Шолаққорған ауданы, Раң ауылында құны 255,0 млн теңгені құрайтын футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Облыстық Рухани жаңғыру кеңсесі әр аптаның жұма күндері «Ой түбінде жатқан сөз» жобасын өз ресми парақшасында жүргізіп отырды.
«Түркі әлемінің генезисі»
Өткен жылы 25 тамызда «Түркілер төрі Түркістан» атты халықаралық онлайн конференция болып өтті. Онлайн басқосуға үш жүзден аса адам қатысты. Қазақстанның алты облысынан және бауырлас Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен де ғалымдар қатысты. Осы конференцияда жазушы Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабының онлайн таныстырылымы болып өтті. Кітапта киелі жерлер жан-жақты зерттеліп жазылған.
«Ұлы даланың ұлы есімдері»
Бұл жобада қандай іс-шаралар атқарылды? Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына орай Түркістан қаласында ескерткіштері орнатылды. Сондай-ақ, онлайн байқаулар, челлендждер өткізіліп, жалпыхалықтық сипатқа ие болды. Облыстық Рухани жаңғыру кеңсесі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын тойлау мақсатында «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – әл-Фараби» онлайн эссе байқауын ұйымдастырды. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, араб тілінен аударылған «Әл-Фараби мұралары» атты 8 томды кітабы жарық көріп, облыс көлемінде «Ұлы дала тұлғалары» атты көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай Отырар ауданында музей ашылып, Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс орталығына ескерткіші қойылды, онымен қоса «Ән аға» онлайн байқауы өткізілді. Ал Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын тойлау мақсатында облыстық «Абай – әлем көзімен» және «Абай оқулары» онлайн байқаулары болып өтті.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
Түркістан өңіріндегі 390 кітапханада 3858 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оқырмандар саны 230 382 адамды құрады. Сондай-ақ, 121 526 дана жаңа кітаппен толықтырылып, кітап қоры 5 млн 858 мың данадан асты. Жобаға сәйкес «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Алтын қорға үлес қос», «Кітапханаға сый» акциялары ұйымдастырылып, 18 090 дана кітап кітапханалардың қорына сыйға берілді.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»
Оңтүстік өңірінде 1700 тарих және мәдениет үшін айрықша маңызы зор археология және сәулет ескерткіштері бар. Оның ішінде халықаралық маңызы бар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, республикалық маңызы бар 31, оның 7 археологиялық, 24 сәулеттік, жергілікті маңызы бар 423, оның 374 археологиялық, 49 сәулеттік, алдын ала есепке алу тізімінде 1245, оның 170 сәулеттік, 1075 археологиялық тарихи-мәдени мұра объектісі бар.
Өткен жылы наурыз айында ұлттық дәстүрлерді, ұлттық мұраны дәріптеу және туристерді тарту мақсатында Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі аумағынан этноауыл құрылды. «Оңтүстікфильм» мекемесі 187 деректі фильм мен бейнематериал дайындап, 129 кинокөрсетілім ұйымдастырып, 25 826 қаралым жинады. Жоба аясында «Түркістан құпиялары» сюжетті-деректі фильмінің тұсауы кесілді. Тарихы тереңнен тамыр тартқан Түркістанның ашылмай жатқан құпиялары мен қалыптасу кезеңдерінен сыр шертетін туынды кең көлемде насихатталды. Жалпы мәдениет пен өнерді дамыту мақсатында онлайн және оффлайн форматта 90-ға жуық іс-шара, 25 семинар-кеңес пен шеберлік-сағаты мен онлайн сұхбаттар өткізіліп, 4 мыңға жуық көрермен мен 100 мыңға жуық қаралым жинады. Коронавирус індеті өршіп тұрса да мұражайлар өз қызметін қолжетімді ету мақсатында «Онлайн саяхат» жобасын бастады. Жоба арқылы өңіріміздің мұражайларында экскурсоводтың түсіндіруімен әлеуметтік желіде тікелей түсірілім жасалды және толық нұсқасы Жастар ресурстық орталығының парақшасында сақталып отырды. Түсірілім әр аптаның жұма күні жүзеге асырылды.
«Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі»
Айта кетейік, облыстағы 24 музейде 2370 экскурсия, 375 көрме, 213 көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Бүгінде 5 мыңдай дана жаңа экспонат жинақталып, жалпы қор 175 128 данаға жетті. Іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтті. Жоба аясында «Менің туған жерім» атты облыстық жас суретшілер онлайн көрме-байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 17-29 жас аралығындағы суретшілер бақ сынасты. Байқауға әр аудан, қалалардан 24 суретші қатысты.
«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы
Ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін және рухани құндылықтарды күшейту мақсатында баннер эскиздері жасалып, облыс аумағындағы орталық алаңдарға, халық көп шоғырланатын орындарға жалпы 100 билборд конструкцияларына орналастырылды.
Әлеуметтік желілерде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдерінің тарихы туралы арнайы мақалалар дайындалып, посттар жарияланды. Тамыз айында өсиет пен өнегеге толы, тәлім мен тәрбиеге дәріптейтін «Текті сөздің төресі» атты термешілердің облыстық онлайн байқауы және «Менің туған жерім» жас суретшілер онлайн көрме-байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді. Деректі фильмде ұлттық өнерді насихаттаушы – жыршы, күйші, домбыра ұстасы, ер ұстасы, бүркіт, тазы баптаушы, ағаш ұстасы және т.б. кейіпкерлер туралы барлық мағлұматтар баяндалған. «Батаменен ел көгерер» онлайн байқауын өткізді. Кентау қаласының 65 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысы Кентау қаласында «Құрақ FEST – Кентау» қолөнер шеберлерінің байқауы өткізілді.
Әлеуметтік желілерде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдерінің тарихы туралы арнайы мақалалар дайындалып посттар жарияланды. Сонымен қатар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстың ұлттық ойындары», «Киім пірі – кимешек», «Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – теңге ілу», «Сән беріп сәукелесі хас сұлуға...», «Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері» және т.б. мақалалар жарияланды.
«Ауыл – Ел бесігі»
Бұл жобаның аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғыртуды қажет ететін елді мекендердің тізбесін анықталып, тиісті қаржыларды бөлу арқылы олардың әл-ауқатын жақсарту көзделген. Облыс көлемінде даму әлеуеті бар 614 ауылдың тізімі анықталды, олардың ішінде 133 – тіректі, 481 – спутникті. Бұл ауылдар ауыл халқының 85,1%-дан астамын қамтиды. 32 ауылдық елді мекенде 336 жобаны іске асыруға 13 457,9 млн теңге қарастырылды. Нәтижесінде 2,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 306 көше жөнделді, 8 көше абаттандырылды, 12 мектеп, 2 мәдениет үйі, 1 спорт және 3 денсаулық сақтау нысаны жөндеуден өтті. Биыл 3 жоба жүзеге асырылмақ. Аталған жоба аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуді қажет ететін 28 ауылдық елді мекенде 118 жобаны іске асыруға 5 275,1 млн теңге бағытталған.
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»
Бұл жоба бойынша 55 іс-шара өтіп, 5460 адам қамтылды. Ұлттық өнерді насихаттап, дәстүрлі әндерге деген қызығушылықты ояту мақсатында «Бабалар үні – домбыра» онлайн ән кеші өтті. Шарада халық әндері мен күйлері орындалды. Өсиет пен өнегеге толы, тәлім-тәрбиеге дәріптейтін «Текті сөздің төресі» атты термешілердің облыстық онлайн байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысына сәйкес 8 термеші марапатталды.
«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі»
Бұл жоба аясында 38 іс-шара өтіп, 10190 адам қамтылды. Өткен жылы 11 қыркүйекте «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді. Деректі фильм ұлттық өнерді насихаттаушы – жыршы, күйші, домбыра ұстасы, ер ұстасы, бүркіт, тазы баптаушы, ағаш ұстасы және т.б. кейіпкерлер туралы сыр шертеді.
«Үнем – қоғам қуаты» жобасы
Бұл жобада 17 іс-шара өткізіліп, 345 адам қамтылды. Жастарды кәсіпке баулу, кәсіпкерлікке шақыру, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды жастар арасында насихаттау мен алға жетелеу мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлермен тікелей эфирде онлайн сұхбаттар ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында және жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыру үшін «Жастар таза Түркістан үшін!» плоггингі ұйымдастырылды. «Таза әлем» жобасы аясында қоғамдық орындарға тазалық жұмыстары жүргізілді. Осы мақсаттағы жұмыстар облыстағы 16 аудан, қалада тұрақты түрде экодесанттар, сенбіліктер, челленджтер өткізілді.
Өткен жылы жалпы облыста 1314 іс-шара іске асырылып, 127 600 адам қамтылды. «Архив-2025» жобасы – 18 іс-шара, 2075 адам, «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы – 407 іс-шара, 36 705 адам, «Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі» жобасы – 7 іс-шара, 3260 адам, «Дәстүр мен ғұрып» жобасы – 52 іс-шара, 1230 адам, «Үнем-қоғам қуаты» жобасы – 17 іс-шара, 345 адам қамтылды.
«Рухани жаңғыру» әлеуметтік желілерде
Түркістан облысы Рухани жаңғыру бөлімінің Инстаграм әлеуметтік желісі 2019 жылдың 29 қаңтарында ресми түрде тіркеліп, ашылды. Бүгінгі таңда парақшаға 3514 оқырман тіркеліп, күнделікті белсенділік танытуда. «Ой салған кітап», «Ой түбінде жатқан сөз», «Мен үшін рухани жаңғыру», «Абай оқулары» жобалары осы парақшада жүргізілуде. Осы күнге дейін парақшада Рухани жаңғыру бағдарламасы мен оның аясындағы 17 арнайы жоба мен 6 бағытты насихаттайтын 257 ақпарат жарияланған. Парақша жұмыс жасағалы бері ақпараттарға көптеген позитивті пікір жазылды, тек «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында салынған жолдарға қатысты посттарға халық көп теріс пікір білдірмеген. Фейсбук әлеуметтік желісі 2019 жылдың 29 қаңтарында ресми түрде тіркеліп, ашылды. Парақшаға 6135 оқырман тіркеліп, күнделікті белсенділік танытуда.
Одан бөлек, Түркістан облысының 16 аудан, қалаларында Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік парақшалары ресми түрде ашылып, жүргізіліп келеді. Ол парақшаларда әр аудан, қала Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттайтын ақпараттар мен қатар облыс парақшасында жарияланған ақпараттарды бөлісіп отырады. Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу бойынша жалпы республикалық және өңірлік БАҚ-та 4510 мәлімет жарық көрді. Атап айтқанда, электронды БАҚ-та сюжеттер, бейнероликтер, бағдарламаларды қосқанда 112 мәлімет, баспа БАҚ-тарда – 738, әлжелілерде – 3660 пост жарияланды.
Қазіргі кезде Түркістан облысында жол картасына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6-бағытын қамтитын 96 тармақтан, 3-бөлімнен тұратын жұмыстар жалғасын табуда. Яғни білімнің өркендеуі, бәсекелі ортаға бейімділік, саналылық, ұлттың ерекшелігін сақтау, мемлекеттің саналы түрде дамуы назарға алынған. Нақтырақ айтсақ, бірінші бөлімде қоғамдық маңызы бар іс-шаралар, екінші бөлімде «ұлттық бірегейлік және халықаралық позициялау», үшінші бөлімде «мемлекеттің, азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтардың дамуы» қамтылған. Қаржы қажет етілетін іс-шаралар мен жобалар жергілікті бюджет пен демеушілер тарапынан іске асырылатын болады, - деді «Turkistan Media Holding» ЖШС Рухани жаңғыру бөлімі басшысы Айдар Сейдазым.