Түркістанда республикалық жыр мүшәйрасы өтті

Түркістан қаласында«Адамзаттың ардағы, қос дүние сардары» тақырыбында өткен республикалық жыр мүшәйрасы мәреге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына сілтеме жасап.

Мүшәйраға Қазақстан өңірлерінен 110 ақын қатысты.

Наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері мен әділ қазылар мүшелері жеңімпаздарды марапаттады.

Еліміздің әр аймағынан 110 ақын қатысқан бәйгеде топ жарғандар:

Бас жүлде – Абай Ораз (Ұлытау облысы) – автокөлік;

І орын – Қуанышбек Шарманов (Абай облысы) – 1 млн теңге;

ІІ орын алғандар: Бауыржан Ширмединұлы (Батыс Қазақстан облысы) – ұмра қажылығы, Біржан Байтуов (Шымкент) – ұмра қажылығы, Нұрқанат Қайрат (Павлодар облысы) – ұмра қажылығы.

Үшінші орын алған Қажымұқан Абзалов, Батырхан Сәрсенхан, Жәкеш Ғалым сынды ақындарға 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

«Серік Қалиев» атындағы жүлдені ұтып алған Біржан Ахмер (Астана қаласы) 300 мың теңгені иеленді.

«Әселхан Қалыбекова» атындағы жүлде Алпамыс Файзоллаға (300 мың теңге) бұйырды.

«Шал ақын» атындағы жүлдеге астаналық ақын Алмас Ақтасов (300 мың теңге) лайық деп танылды.

«Майлықожа» атындағы жүлде астаналық ақын Жадырасын Дәулетке (300 мың теңге) бұйырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы