Түркістанда референдумды қолдау мақсатында 1500-ден астам кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін Референдумды қоғамдық қолдау мақсатында 1 515 түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылып, 134 мыңнан астам тұрғын қамтылды.

Бұл туралы брифингте Қоғамдық штаб жетекшісі Қайрат Балабиев мәлімдеді.

Бүгінде облыста Ел Президентінің Референдум өткізу жөніндегі баршамыздың алдымызға қойып отырған міндетін жүзеге асыру мақсатында облыста екі штаб құрылды. Оның бірі - облыстық қоғамдық штаб, екіншісі - «Amanat» партиясының облыстық штабы. Әуелгі қоғамдық штабқа үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары және саяси партиялар («Аманат», «Ақжол», «Ауыл») өкілдері, қоғам қайраткерлері, жас мамандар, облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, этно-мәдени бірлестіктердің және білім саласының өкілдері, блогерлер енгізілді. Барлығы 58 адам. Облыста референдумға дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Референдум өткізу жөнінде облыстық жоспар дайындалып, желілік кесте әзірленді, - деді Қайрат Рахымұлы.

Сондай-ақ брифингке қатысқан «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін 1 200-ге жуық іс-шарадан тұратын желілік кесте бекітілгенін айтты. Оның 227-сі Орталық және облыстық деңгейдегі, 905-і аудандық, қалалық деңгейдегі іс-шаралар. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аймақта барлық деңгейдегі штаб мүшесі қатысқан кездесулерде жергілікті тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер бойынша 1100-ден астам ұсыныс-тілек жинақталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы