Түркістанда Құран кітаптарына арналған көрме ашылды

Түркістан қаласындағы "Ұлы Дала Елі" орталығында "Қасиетті Құран – қос дүниенің нұры" атты Құран кітаптарға арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, іс-шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, орталық директоры Гүлжанат Дүйсенбаева мен Халықаралық туризм және меймандостық университетінің білім алушылары қатысты. Көрмеде кітаптардың шығу тарихы мен құндылықтары баяндалды.

"Ұлы Дала Елі" орталығының басшысы Гүлжанат Ибраһимқызының айтуынша, Рамазан айына орай ұйымдастырылған көрмені 22 наурызға дейін тамашалауға болады. Онда көне әрі сирек кездесетін Құран кітаптары қойылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы