Түркістанда қазынашылық департаменті 8 млн теңгені жымқырған

Түркістанда прокуратура 8 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады. Тексеру нәтижесінде жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу, жеке қаржыландыру жоспарын негізсіз қолдау, үнемделген қаражатты басқа бюджеттік бағдарламаларға аудару секілді фактілер анықталды. 

Департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ (бұдан әрі - КММ) есепшілерімен сөз байласу арқылы КММ-нің қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн теңгеге жуық қаражатты иемденген. 2024 жылғы 5 шілдеде облыс прокуратурасы жинақталған құжаттарды сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу фактісімен СДТБТ тіркеп, тергеу жүргізуді, - делінген хабарламада.

 Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды.

Сондай-ақ жоғарыда аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы