Түркістанда полицейлер тұрғындарға 100-ден астам бетперде таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға 100-ден астам бетперде таратты.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес Түркістан облысының аумағында карантин режимінің  ұзартылғаны белгілі.   

Осыған байланысты, Сарыағаш АПБ ювеналды полиция қызметкерлері коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында полиция майоры Гүлмира Сарыбаева мен аға лейтенант Майра Елемесова халық арасында карантин талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі алдын алу іс-шаралары аясында тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданының тұрғындарына 100-ден астам медициналық бетперде таратты.

Өз кезегінде жергілікті тұрғындар өткізілген акцияға оң баға беріп, полиция қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.

Полицейлер атап өткендей, бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Тәртіп сақшылары азаматтарға міндетті түрде медициналық бетперде киюді, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, әсіресе қоғамдық орындар мен көшелерге барған кезде, сондай-ақ өз денсаулығына салғырт қарамауды  ұсынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы