Түркістанда пациенттің тізе буыны жаңа үлгідегі имплантқа ауыстырылды
Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесі жағдайында «Тізе буыны эндопротезінің заманауи импланттары» және «XN» жаңа имплантын пайдалану тақырыбында шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның ерекшелігі - тізе буыны эндопротездерінің алдыңғы нұсқаларының кемшіліктеріне сүйене отырып, нақты жағдайға байланысты компоненттерді таңдау мүмкіндігі болып табылады. Түркістан клиникалық ауруханасында қосалқы патологиялары, Паркинсон ауруының ауыр түрі және ауыруы бар 63 жастағы пациентке тізе буынын заманауи имплантпен ауыстыру операциясы жасалды.
Операцияны медицина ғылымдарының докторы, Мәскеу қаласының РУДН кафедрасының профессоры Д. В. Римашевский жүргізді. Ол артроздан зардап шеккен тізе буынын «XN» имплантымен алмастырды. Операция сәтті өтті, пациент буынды жұмыс істету үшін оңалту кезеңінен өтуі керек. Болашақта облыстық клиникалық аурухананың ортопедия бөлімшесі ірі буындар үшін жаңа импланттарды қолдануды енгізуді жоспарлап отыр. МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер үшін барлық қымбат эндопротездеу операциялары, сондай-ақ буынды ауыстырғаннан кейін оңалту көмегі тегін жүргізілетінін атап өткен жөн.