Түркістанда «Отбасы» саябағы ашылды

Түркістанның саялы бақтарының қатары «Отбасы» саябағымен толығады. «Яссы» секторы тұрғындарының өтінішімен жүйелі жұмыстар атқарылып, аталған секторда «Отбасы» саябағы салынды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа саябақтың жалпы аумағы 0,44 гектарды құрайды. Саябақта 3785 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы және 386 шаршы метр арнайы веложол қарастырылған.

Сондай-ақ тұрғындар стадион, балалар ойын алаңшасы мен стритворкаудты қолдана алады. Көгалды аумаққа 150 түп ағаш, 300 түпті гүлді ағаштар егілген. Мұнан бөлек, келушілер жайлылығы үшін 30 дана орындық қойылса, 224 шаршы метр жерге көлік тұрағы белгіленген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы