Түркістанда облыстық маңызы бар жолдар жабылды

Түркістан облысында облыстық маңызы бар жолдар жабылып, полицейлер тәуліктеп қызмет етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 желтоқсан Түркістан облысында кешкі сағат 21:00 шамасында таулы аймақтарда және Бәйдібек ауданында бұрқасын жел басталып, аяз болуда. Салдарынан Түркістан облысы Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, Батыс-Еуропа Батыс-Қытай трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылды, - делінген облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.

Боран басталғаннан бастап патрульдік полиция батальоны бір сағатта жолда адасып кеткен бірнеше жеңіл көліктің жолаушыларын құтқарды. Сонымен қатар ауыр жүк көліктерінің қозғалуына көмек көрсетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы