Түркістанда несиеге берілетін үйлер бойынша ақпараттық орталық ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістан қаласында тұрғын үй сату орталығы ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Орталық неке сарайының ғимаратында орналасқан. 7-20-25 ипотекалық бағдарламасы жайлы толық мәлімет берілетін арнайы сайт және ақпараттық орталықта азаматтар соңғы ақпараттар мен мемлекеттік бағдарламалармен таныс болып, баспана алуға өтініш бере алады.

Наурыз айының басында Түркістан қаласындағы 16 көпқабатты тұрғын үй тапсырылады. Пәтердің шаршы метрі 180 мың теңгені құрайды. Орталықтың ашылуына қатысқан Өмірзақ Естайұлы жауаптыларға нақты тапсырма берді. Баспаналы болуға ниетті әрбір азаматтың өтінішін жүзеге асыруға күш салуды міндеттеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы