Бүгiн 2026, 13:45 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Түркістанда мұғалімдерден пара алған экс-директор қамауға алынды

Мектептің бұрынғы директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды.

Түркістан облысында мектептің бұрынғы директоры мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамға теңестірілген адам бола отырып, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған. Ол міндетті тестілеу және аттестаттау комиссиясынан өтпеген мұғалімдерге біліктілік санаттарын заңсыз берген, сондай-ақ мұғалімнен пара алған.

Сотталғанның әрекеті 12 мұғалімге бюджеттен жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз төлеуге әкеп соққан. Бірінші сот қарауы кезінде сотталған адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны дәлелденбегендіктен, ақталған. Бас прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылды, іс жаңадан апелляциялық қарауға жіберілді. Істі жаңадан қарау кезінде сот бұрынғы директорды лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда пара алу деректері ең жиі тіркелетін өңірлер белгілі болды.

Тағы оқи отырыңыз: 

ҰҚК Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын көрсетті

Алматы вагон депосының директоры ұсталды

Түрмеден басқару: Шымкентте студенті жоқ колледждерге грант бөлініп, 1,3 миллиард теңге жымқырылған