Күйеуімен ұрсысып қалған жас келіншек көпірден секіріп кетпек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 жастағы келіншектің әпкесінің қоңырауынан кейін полицейлер оны құтқарып қалды.

Түнде сағат 23:00 шамасында сіңілім қоңырау шалып, өмірден шаршағынан айтты. Мен бұл ойынан бас тартуын сұрап, оның қай жерде екенін біліп алдым. Кейіннен 102 пультіне хабарласып, полицейлерден көмек сұрадым. Өзім сол жерге бірден беттедім, - деп куәгердің сөзін келтірді otyrar.kz.
Тәртіп сақшылары бұл хабарламаны бірден қабылдап, оқиға орнына жол тартты. Полицейлердің бірі көпірден секірмек болып отырған әйелді жүгіріп барып, тартып шығарды. 

Кейіннен анықталғандай, өз-өзіне қол жұмсамақ болған облыс орталығының тұрғыны жақында ғана тұрмыс құрған екен. Күйеуімен ұрсысып қалған ол суицидке бармақ болған. Құтқарылған әйелдің әпкесі полицейлерге шексіз алғысын білдірді.

Полицейлерге, әсіресе Ерсұлтан Қуанышқа ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар Түркістан облысы ПД бастығы Қайрат Далбековке де алғыс айтамын. Осындай қиын кезеңде полицейлер біздің қорғанымыз екеніне көз жеткіздім, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы