Түркістанда құдалыққа жиналған қауым тарқатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түркістан облысының полицейлері құдалыққа жиналған қауымды тарқатты, деп хабарлайды zakon.kz.
Кезекті профилактикалық-рейдтік шараларды жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның карантинге қарамастан сағат 15:10 шамасында Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінің көшелерінің бірінде орналасқан тойханада 80-нен астам адамды жинап, құдалық тойын өткізіп жатқандығы анықталды.
Анықталған деректерге қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін СЭББ-ге жолданды. Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.
Сондай-ақ құзырлы ведомства Бас санитарлық дәрігердің қаулысы талаптарын қатаң сақтап, бетперде тағу және арақашықтықты сақтауды еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Өзгелердің жаңалығы