Түркістанда креативті хаб ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістанда ÓzgeEpic креативті хабы ашылды. Бұл – еліміздегі он бірінші хаб, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығармашылық кеңістік Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған. Қасым-Жомарт Тоқаев креатив индустрияларды дамытуға ерекше назар аударып, Қазақстанның барлық ірі қалаларында хабтар ашу міндетін қойды. 

Салтанатты іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, «Қазпошта» АҚ, жергілікті атқарушы органдар және өңірдің креаторлары қатысты. Түркістандағы креатив хаб ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазпошта» АҚ арасындағы келісім аясында ашылды. 

Орталық акционерлік қоғам филиалдарының бірінде орналасқан. Ынтымақтастық бойынша ортақ жобалар жасалатын болады. Хабтың ашылуында инклюзивті креатив индустриясын қолдауға бағытталған «Көрінбейтін әлем» көрмесі де ұсынылды. Аталмыш алаңның ауданы – 400 шаршы метр. Негізгі назар түрлі халықтардың қолөнер туындыларына аударылған. 

Түркістан облысында барлығы 1341 креатив индустрия субъектісі тіркелген. Өңір киім тігу және аксессуарлар жасау бағыттары бойынша көш бастап тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы