14 Сәуір 2021 2021, 17:18

Түркістанда коронавирус жұқтырған әйел босанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында  COVID-19  індетімен ауыратын 20 жастағы жүкті  әйел дәрігерлердің көмегімен аман-есен босанды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында COVID-19 індетімен ауыратын 20 жастағы жүкті әйел дәрігерлердің көмегімен аман-есен босанды.

Ол Сайрам аудандық инфекциялық ауруханасына жүктіліктің 39 аптасында ЖРВИ симптомдарымен амбулаторлық қабылдауға жеткізілген. Сынама нәтижесі оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Айы-күні толып, толғағы қысқан әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде білікті дәрігерлердің қатысуымен арнайы консилиум өткізілген.
Әйел аман-есен тұңғышын дүниеге әкелді. Нәрестенің салмағы 3400 гр. Одан бірден коронавирусқа сынама алынды. Жаңа туған ұл бала анасынан оқшауландырылды. Текст қорытындысы нәрестенің бойынан COVID-19 инфекциясының табылмағанын көрсетті. Мамандардың айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы. Жеке бокста, дәрігерлердің жіті бақылауында. Анасының да жағдайы бірқалыпты, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, былтыр өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 122 жүкті әйел аман-есен босанған. Түркістан облысында жыл басынан бері 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген. 2020 жылы өңірде 61 274 нәресте туған. Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұр.