Түркістанда көпбалалы 2 отбасыға үй берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында Түркістан облысының Отырар ауданында 2 баспана берілді.
Асарлатып салынған қос баспананың кілті көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға табысталды, деп хабарлады ҚМДБ-ның ресми сайты.
Үй беру рәсімінде облыс имамы Мұсабек Ақтамберді игі істі атқарған жамағат пен атымтай жомарт азаматтарға ризашылығын білдірді. Жаңа қоныс иелері бастама үшін бас мүфтиге алғыстарын жаудырды. Бұл ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай облыста берілген 33 және 34-үй. Ал республика бойынша 323 және 324-үй екенін еске саламыз, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар ауылында танк снарядтары табылды
Өзгелердің жаңалығы